6.06.2024, 21:00
Оқылды: 95

БҚО-да жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды

Батыс Қазақстан облысында 15-тамызға дейін жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды. "Қажсервис" ЖШС БҚОФ дерегінше, бұл шектеу әр білік-өсіне түсетін салмақ 8 тоннадан асатын ауыр техникаға қатысты. Бұл туралы ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі хабарлады.

IMG-20240606-WA0092

Өйткені ауа температурасы 25 градустан жоғары көтерілсе, ауыр салмақ пен аптап ыстыққа шыдамаған асфальт қабатының бүлінуі мүмкін. Қазір жүк көліктерінің қозғалысы шектелгенін білдіретін арнайы белгілер "Атырау-Орал", “Самара-Шымкент РФ шекарасы”, “Орал-Жалпақтал-Казталовка РФ шекарасы”, “Казталовка-Жәнібек” және "Орал-Тасқала РФ шекарасы" тас жолына орнатылды.

ҚР көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы 162 бұйрығы бойынша, жыл сайын көктем кезінде әр дара білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөліктердің Қазақстан аумағындағы республикалық маңыздағы автомобиль жолдарымен жүруі уақытша шектеледі. Бұл шектеу еліміздің барлық аймағын қамтығанымен, аймақтың ауа райына байланысты түрлі мезгілде енгізіледі. V жол-климаттық аймағындағы Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 1 сәуірге дейін күшінде болса, қары кеш еріп, көктем баяу шығатын IV жол-климаттық аймақ - Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-маусымға дейін созылады.

"ҚАЖСервис" ЖШС БҚОФ директоры Мерей Шахарбаевтың айтуынша, шетелдік тасымалдаушылар мен оларға қызмет етуші отандық тасымалдаушы компаниялар бұл шектеуден босатылған. Бұл бюджет түсімдері қысқармауы үшін жасалып отыр. Сонымен қатар, халықаралық жолаушы тасымалы мен төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларға тартылған көліктер осы шектеуден босатылған. Бұған қоса, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсету, азық-түлік, жолаушы мен жүк, дәрі-дәрмек тасымалдаушы автокөліктер де "құтылады". Жол жөндеу мекемелерінің техникасы бұл тыйымнан босатылғанымен, арнайы рұқсат алуы тиіс.

Дегенмен кешкісін күн суытып, ауа температурасы 25 градустан төмендеп, асфальт суыған кезде бұл көліктерге күре жолды пайдалануға рұқсат берілген.

Ал қазіргі шектеу күндіз-түн деп бөлмей, жалпы тәулік бойына енгізіліп отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале