26.06.2024, 16:00
Оқылды: 107

Зарина Дияс «Уимблдон» турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

Ұзақ уақыт бойы үлкен спорттын тыс қалған Зарина Дияс «Уимблдон» турниріне іріктеуді сәтті бастады, деп жазады Olympic.kz.

26FD6E68-788D-45C7-B5E8-FB10D077C500

Фото: Olympic.kz

Заринаның «Үлкен дулыға» жарыстарындағы басты табыстары осы «Уимблдонға» байланысты екенін айта кетейік. Ол 2014 және 2015 жылдары төртінші айналымға дейін жеткен болатын.

Бұл жолы Дияс іріктеу сайыстарының ширек финалында әлемнің 208-ракеткасы, таиландтық Мананчэйа Савангкаевпен кездесті. Брейк алмасумен басталған матчта Зарина 7:5, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Зарина іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 138-ракеткасы, америкалық Сачия Викеримен кездеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале