8.07.2024, 9:15
Оқылды: 184

Теректі ауданы: Ақсуат ауылының жаңа әкімі сайланды

Кеше Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округінде ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

FB_IMG_1720373602375 (2)

Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 4 тармағы 3) тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықтады:

Ақсуат сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1806 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 734 сайлаушы дауыс берген.

Әр үміткерге берілген дауыс санын таратып айтсақ, Қ.А.Әділханов – 592; М.Т.Құбашев – 13; С.М.Нөменов - 26 дауыс жинаған.

«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген – 18; жарамсыз бюллетеньдер саны - 85.

Ақсуат ауылдық округінің әкімі болып сайланған Әділханов Қайрат Алтайұлы, 1978 жылы туған. Жұмыссыз.

«AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Теректі аудандық филиалы ұсынды. Ақсуат ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Теректі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале