Ерхан Тұрашев – жаңақалалық түлектер арасынан топ жарып, ҰБТ сынағынан 128 балл жинап шықты. Білімнің шыңын бағындыруға ұмтылған жас түлек – М.Жүнісов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «Алтын белгі» иегері.
2007 жылы 10 тамызда БҚО-ның Жаңақала ауданы Жанақазан ауылында дүниеге келген білімді ұлдың әкесі Асылхан Тұрашұлы – 51809 әскери бөлімнің қызметкері, анасы Лаура Уразова – М.Жүнісов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі.
Ерхан – бес балалы отбасының тұңғышы. 2013 жылы 1 сыныптың табалдырығын аттаған Ерхан сабаққа ынтасы жақсы болып, тез қабылдау қабілетімен ерекшеленген.
Сабағын жақсы оқып, байқаулар мен олимпиадалардың жүлдегері атанды. Мектепті «Алтын белгімен» бітірген Ерхан жоғары балл жинау арқылы мақсатына қадамдай жақындап келеді. Алдына қойған мақсаты – медициналық университеттің грант иегері атанып, болашақта білікті дәрігер мамандығын меңгеріп, еліне абыройлы қызмет ету.
Үздіксіз дайындалудың нәтижесінде Ерхан жоғары балл жинап, ата анасын да, ұстаздарын да қуантты.
Рая Жұмағалиева
Жаңақала ауданы