7.08.2024, 12:30
Оқылды: 108

ҰБТ: шекті балл жинай алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

10-15 тамыз аралығында елімізде қайта ҰБТ өтеді. Бұл шекті балл жинай алмағандарға ЖОО-ға ақылы негізде түсуге мүмкіндік беру үшін өткізіледі.

фото түлектер

Сурет сайт архивінен

Тіркелу кезінде тестіленушілер емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

Тамыздағы ҰБТ-ға биылғы және былтырғы мектеп, колледж түлектері, қандастар (ҚР азаматы емес, бірақ ұлты қазақ азаматтар), шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға, өзге мамандықтардан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін және жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған студенттер қатыса алады.

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале