Құзыреттілік орталықтардың мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарға инновациялар енгізу және жас мамандарды оқыту, деп жазады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Фото: pixabay.com
Құзыреттілік орталықтардың педагогтері табысты тәжірибелерді өз әріптестері арасында таратады, жаңа идеялармен бөліседі, сондай-ақ өзекті тақырыптар бойынша тренингтер мен семинарлар ұйымдастырып, басқа да педагогтерге ресурстық қолдау көрсетеді.
Бүгінгі таңда өңірлерде 155 құзыреттілік орталық жұмыс істейді, оның ішінде қалалық жерлерде 86, ауылдық жерлерде 69 орталық құрылған.