14.08.2024, 16:45
Оқылды: 89

«Дала қасқыры» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

Киножоба Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы және Golden Man Media компаниясының қолдауымен түсірілді және 15 тамыздан бастап ел кинотеатрларына жол тартпақ. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

7AC3B7CB-25F7-4E01-9083-284F1F9A7E44

Сурет: видеодан скрин

«Дала қасқыры» – триллер мен драма элементтерін біріктіретін фильм. Шығармашылық топ сценарий жұмыстарына 10 жыл бұрын кірісіп, оны 2021 жылы аяқтап, түсірілім жұмыстары басталған.

Түсірілім жұмыстарына 100-ден астам маман қатысты. Қауіпті трюктерді қазақстандық каскадерлер орындаған, бұған қоса Беларуссиядан арнайы мамандар да шақырылған. Фильмде жоғалған ұлын іздеген Тамара есімді әйелдің оқиғасы баяндалады.

«Дала қасқыры» – кейіпкерлерімен, баяндауымен ерекше фильм. Мұндағы кейіпкер әйел қатты қайғырып тұрғанмен, рухы мықты, мінезі қайсар. Туындының шырайын келтірген де өзі. Фильмнің халықаралық фестивальдарда жүлде еншілеуі соның дәлелі, – дейді фильмнің продюсері Әлия Меңдығожина.

C215EC4E-5D13-4806-A4C9-22A0034E53ED

Канададағы Fantasia Film Festival фестивалінде «Дала қасқыры» фильмінің актерлері Берік Айтжанов пен Анна Старченко «Рөлді үздік орындағаны үшін» номинациясы бойынша марапатталды. Сонымен қатар фильм операторы Еркінбек Птыралиев Оскар академиясының мүшесі болды.

Бұл «Дала қасқырының» бірінші жетістігі емес. Бұдан бөлек, ол өткен жылы Роттердам кинофестивалінде жоғары бағаланды. Сондай-ақ Бельгияда өткен халықаралық кинофестивальда бас жүлде иеленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале