19.09.2024, 9:16
Оқылды: 102

Жылуды eрежеде көрсетілген мерзімнен ертерек қосуға бола ма?

ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, арнайы ережелер әзірленді, оған сәйкес орташа тәуліктік температура +8 градустан төмен болуға тиіс.

BFF4D1A4-1809-424E-9130-DB954272CC1D

Сурет: ОКҚ

«Жергілікті атқарушы органдар белгіленген eрежелерді ұстанады. Бірақ бұл – ұсыныс қана. Әрбір жергілікті атқарушы орган жылыту кезеңін ертерек бастауға құқылы. Мысалы Павлодарда әлеуметтік нысандарда бір апта бұрын жылу беріле бастады. Қазіргі кезде басқа қалаларда да шешімдер қабылдануда», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале