26.09.2024, 10:45
Оқылды: 347

Telegram заң бұзғандардың деректерін тиісті органдарға жариялайды

Әлеуметтік желі қызмет көрсету шарттары мен ереже бұзған пайдаланушылардың IP мекенжайлары мен телефон нөмірлерін құқық қорғау органдарының ресми өтініші бойынша қауіпсіздік қызметкерлеріне береді. Бұл туралы мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров мәлімдеді:

«Telegram-дағы іздеу жүйесі заңсыз тауарларды насихаттауға емес, жаңа достар және көпшілікке арналған каналдар мен боттарды табуға арналған».

9A026E4F-CA49-496E-8C5E-85CC2B931B77

Сурет: pixabay.com

ҚР Бас прокуратурасы мәліметінше, биыл интернет-алаяқтық, лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлау және оны насихаттау, сондай-ақ есірткі сату фактілері бойынша жалпы 15 мыңнан астам іс тіркелген. Кейбір қылмыстық әрекеттер мессенджерлер арқылы жүзеге асады, соның ішінде Telegram да бар.

Еске салайық, 24 тамызда Павел Дуров балаларға қарсы қылмысқа, есірткі саудасына және алаяқтыққа қатысы бар деген айыппен Францияда ұсталып, кейіннен соттың қадағалауымен босатылды. Дуров Франция аумағынан шықпауға және 5 млн еуро көлемінде кепіл төлеуге міндеттелді.

Дереккөз: Qazaqstan.tv

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале