Стенд атудан Алматы облысында өткен Азия кубогінде қазақстандық мергендер тағы бес алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Сурет: Olympic.kz
«Скит» бағдарламасы бойынша Қазақстан командасы 5 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі.
Әйелдер арасында Әсем Орынбай топ жарса, ерлер арасында Эдуард Ещенко көш бастады. Аралас жұптық сында Орынбай мен Ещенко финалда катарлықтарды жеңіп, ел қоржынына үшінші алтынды салды.
Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Адель Садақбаева үштігі әйелдер арасындағы командалық сында чемпион атанды.
Сондай-ақ, ерлер арасында Давид Почивалов, Эдуард Ещенко және Илья Пенков бірінші орын иеленді.
Ал Максим Почивалов, Артем Седельников және Владислав Заводиленко жасөспірімдер арасындағы командалық жарыста алтыннан алқа тақты.