2.10.2024, 10:30
Оқылды: 100

Қазақстан Франциядағы 33-ші мал шаруашылығы саммитінің құрметті қонағы болды

Клермон-Ферранда мал шаруашылығын тұрақты дамытуға бағытталған 33-ші мал шаруашылығы саммиті (Sommet de l'élevage) ашылды. Бұл туралы АШМ-нан хабарлады.

6C899394-2F7F-41BC-B4DB-37D5C584A43A

Суреттер: АШМ

Саммитке Қазақстан құрметті қонақ ретінде шақырылды. Бұл елдің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жетістіктеріне халықаралық назардың артып келе жатқанын көрсетеді.

516EEEC4-A20A-4809-AC8F-084E5A77B854

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің төрағалығымен делегация құрамына Әулиекөл тұқымы жөніндегі Республикалық палатаның, Қазақтың ақбас тұқымының Республикалық палатасының өкілдері, қой шаруашылықтарының, құс және балық өсіру кәсіпорындарының басшылары кірді.

8F2B6C32-4CCE-4FBC-AE8A-9DD61B567142

Қазақстан саммит қатысушыларына 30 қазақстандық компанияның 70-тен астам өнім атауын көрсете отырып, елдік стенд ұсынды. Стендке келушілер елдің ауылшаруашылық өнімдерінің алуан түрлілігімен танысып, оның дәмін тата алды.

«Біздің еліміз Орталық Азия өңірінде ауыл шаруашылығын дамыту бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. АӨК өнімдерінің жыл сайынғы экспорты 5 млрд доллардан асады. Біздің мақсатымыз - алдағы бес жылда оны 10 миллиард долларға жеткізу. Біз нарықтарды ашу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз және жақын арада Еуропа елдеріне де өнім жеткізуші боламыз деп үміттенеміз», - деп атап өтті стендтің ашылуында Аманғали Бердалин.

7FFE25DF-98AD-43BB-AA27-70D5AFA5CB22

В2В келіссөздер барысында делегация өкілдері бизнесті дамыту үшін пайдалы байланыстар орната алды, сондай-ақ француз инвесторларын елдің ауыл шаруашылығына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

7E5063F5-2D38-40FE-B3A0-7A982D3E09A6

Барлық іс-шаралар Қазақстанның Франциядағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Мал шаруашылығы саммиті тәжірибе алмасуға, инновациялық тәсілдерді талқылауға және тұрақты мал шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге арналған бірегей платформа болып табылады. 90 елден 115 мың келуші қатысады деп күтілуде, олар 70 тұқымның элиталық жануарларының көрмелерін тамашалай алады және саланың дамуына байланысты кең ауқымды тақырыптар бойынша конференцияларға қатыса алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале