24.10.2024, 11:45
Оқылды: 119

Батысқазақстандық ұстаз Эльмара Траисова «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленді

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында үздік жетістіктерімен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған Орал қаласындағы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмара Траисова да бар.

IMG_9614

Сурет: Ақорда

Эльмара Асқарқызы Траи­сова – педагогикалық тә­жірибесі мол, облыс, қала педагогтеріне танымал бі­лікті маман. Ол №34 мектеп-гимназиясында 2007-2008 оқу жылынан бастап еңбек етіп келеді.

Эльмара Асқарқызы – білім беру жүйесінде оқушы­лардың танымдық қызығушылығын арттыруда бүгінгі өмір талабы – сабақ өткізудің жаңа әдістері мен ақпараттандырылған оқыту технологияларын пайдаланып, оқушылардың өз бетімен жұмыстанып ізденуіне жағдай жасайды. Күнделікті сабақтарында ойын арқылы, интерактивті оқыту және ақпараттық коммуникативтік оқыту технологиялары элемент-терін кеңінен қолданады.

Орал қалалық білім бөлі­мінің баспасөз қызметі бер­ген мәліметке сүйенсек, Эльмара Асқарқызы Қазақ­стан Республикасы филологтарының «Қазақстанда филологиялық білім берудің негізгі жолдары» тақырыбында өткен бірінші сиезіне делегат болып қатысқан. Облыс көлемінде «Жас театр көрермені» әдеби драма үйір-месінің бағдарламасын құрастырды. Ол Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласында өткен пән олимпиадалары мен байқауларға әділқазы ретінде қатысып келеді.

«Орыс тілі» мен «Орыс әдебиеті» оқулықтарын талдауға арналған ғылыми республикалық білім  беру орталығында эксперт­тік комиссия құрамында бар. Облыс мұғалімдерінен құрылған шығармашылық топ құрамында орыс тілі мен әдебиетінен 5-11 сыныптарға арналған тақырып-тық-күнтізбелік жоспар құрастыруда әдістемелік көмек көрсетті.

Оқушылары жылма-жыл қала, облыстық, республикалық сайыс, олимпиадалардың жүлдегер-жеңімпаздары атанып келеді. Атап айтар болсақ, респуб­ликалық ғылыми жоба сайысында «А что скрывает маска?» тақырыбымен қатысқан, Н. Ғабдулғазизова (11-сынып) мен З. Төлемісова қалалық кезеңнен І орын, облыстық кезеңнен ІІ орынға ие болды.

«Поэзия души Пушкина» атты республикалық мәнерлеп оқу сайысында Н. Ғабдулғазизова (11-сынып), І орын иеленді. «Оралдың Пабло  Пикассосы» тақырыбын­дағы республикалық ғылыми жоба конкурсының қалалық кезеңінде де 11сынып оқушысы Ж. Кен­жебаева І орын, облыстық кезеңінде І орынға ие бол­ды. Республикалық «Зерде» ғылыми жоба конкурсының облыстық деңгейінде А. Габдушева (7-сынып) ІІ  орынды иеленді.

Эльмара Асқарқызы «Үз­дік педагог-2016» байқауының қалалық кезеңінде І орын, облыстан ІІ орын, республикалық деңгейінде жеңімпаз атанды. Оның есімі халықаралық «Лучшие люди, лучшие в образовании» атты жинаққа ен­гізіліп, «Құрмет тақтасына» жазылды. 

Республикалық «Үздік ауторлық бағдарлама» конкурсында ІІІ орынды жеңіп алды. Мұғалімдер арасындағы қалалық «Мой «Know How» в дистанци-онном формате» сайысында 1 орын, «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының қалалық кезеңінде ІІ орын иеленді. «Педагоги-калық идеялар панорамасы» республикалық байқауының аймақтық кезеңінде «Орта білімдегі заманауи білім беру технологиялары. Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі» аталымы бойынша ІІ орын, «Оқу сауаттылығы» аталымында ІІ орынға ие болды.

Эльмара Асқарқызы – болашақта да шығармашылық жұмыстарын толықтырып, оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруда жұмыстанатын жаңашыл, ізденімпаз мұғалім.

Гүлжамал Жолдығали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале