28.10.2024, 20:00
Оқылды: 163

Тасқалада «қайырымдылық айы» қалай өтіп жатыр?

Тасқалада қайырымдылық айлығы аясында «Мейірбандық жасауға асығайық» атауымен шара ұйымдастырылды.

жүректен жүрекке фото 3

Оған Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Ділдаш Искакова, Тасқала ауданының әкімі Талғат Шакиров қатысты. 

Қазан айының оныншы күні елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қорғау мен құрмет көрсету күні болып аталып өтіледі. Бұл күн еліміздегі мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік мәселелерін шешу мен оларға құрмет пен ізет көрсетуге бағытталған. «Мейрбандық күндері» қайырымдылық айлығы аясында ауданымызда өткізіліп жатқан мүмкіндігі шектеулі азаматтарды марапаттау мақсатында «Мейірбандық жасауға асығайық» атты мерекелік шарасы қолға алынды.

– Бүгін, міне Тасқала жерінде өтіп жатқан керемет шараның куәгері болып отырмыз. Алтын күзбен тұспа-тұс келген қайырымдылық айлығында жақсы адамдармен жүздесіп бір марқайып қалып жатырмыз. Бұл жыл сайынғы дәстүр болып саналады. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне алғысымыз шексіз. Облыс бойынша айтар болсам, 24 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 3 мыңнан астамы – балалар. Ауданның өмірі мен экономикалық дамуына зор үлесін қосып жүрген жандарымыз баршылық. Қоғамнан алыстамай, керісінше етене араласып келе жатқан жандарды көріп риза боласың. Мемлекет тарапынан қолдауларға ие болып, өзінің кәсібін ашып жатқан мүмкіндігі шектеулі азаматтарда бар арамызда. 2025 жылдан бастап арналуы әлеуметтік қызметтік көрсету саласын жаңғырту бағытында үлкен тұжырымдама қабылдануда. Облыс көлемінде де шаралар қолға алынды. Көмекке зәру 5 мың адам осындай әлеуметтік қызметпен қамтылып отыр. Қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қызметкерлер күні болып белгіленгенін білесіздер. Осы сала бойынша 3 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер өздерінің жұмыстарын атқаруда. Алдағы уақытта барлық жақсылықты тілей отырып, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық берсін, - деді Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Ділдаш Салауатқызы.

жүректен жүрекке фото 2

Айтулы шара барысында Чернобыль атом электростанциясы апаттың азаматтық мақсатында авариялық салдарын жоюға қатысқан аудан тұрғыны Талап Қуанғалиев, аяқ-киім жөндеу шебері Мәди Шабаков, жеке кәсіпкер Гүлсара Шапикова, радио және электро техника шебері Салауат Бисенғалиев, үздік күзетші Бекболат Шолаков, үздік медбике Роза Бисенова, Семей ядролық полигоны апатының салдарын жоюға қатысқан Айтқали Умбеталиев, үздік психолог-ұстаз Райхан Бөпениязова, күзетші қызметін атқарып отырған Шынар Сапарова, бақташы Әділбек Қабекенов, сонымен қатар «Қарлығаш – әр үйге бақыт ұяласын» атты конкурсының қатысушысы Джулкатовтар отбасы марапатталды.

Шараға қатысушы қонақтар тәттілерге толы дастархан басында әңгіме-дүкен құрып, амандық-саулық сұрасты. Марапаттар мен мақтауларға толы кездесу барысында өңірімізге танымал өнерпаздар Тимур Тапалов, Думан Бекқалиев, Хайретден Сұлтангереев және ағайынды Бахтияр-Мадияр Мұхамбетовтер ән салып, кездесу кешінің көрігін кіргізді.

Аталмыш шараны ұйымдастырушыларға қатысушылар ризашылығын білдірді.

Темірболат Әнуарұлы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале