29.10.2024, 17:45
Оқылды: 81

«Орал» халықаралық әуежайынан күзгі-қысқы кезеңде жолаушылар 8 бағытқа ұша алады

Мәншүк Мәметова атындағы «Орал» халықаралық әуежайынан күзгі-қысқы кезеңде жолаушылар 8 бағытқа ұша алады.

IMG_0253

Сурет: pixabay.com

– Қазанның 27-сінен наурыздың 29-ына дейін созылатын қысқы навигация кезеңінде бес ішкі және үш халықаралық бағытқа ұшақтар қатынайды. Өткен жылғы маусыммен салыстырғанда осы күзгі-қысқы маусымда ұшу бағыттарына Түркістан қосылды. Бұл шаһарға «SCAT» әуекомпаниясының ұшақтары аптасына екі рет ұшады. Атырауға ұшу жиілігі артады, үш рейстің орнына төрт рейс болады, - деп хабарлайды аталмыш әуежайдың баспасөз қызметі.

Өткен күзгі-қысқы маусымдағыдай үш халықаралық бағыт сақталады. Олар:  Майндағы Франкфуртқа – тұрақты рейс, Шарм-эль-Шейх пен Пхукетке – чартерлік рейстер. Мысырға рейстер саны едәуір артады. «SCAT» әуекомпаниясының чартерлік рейстері өткен жылдағыдай әр 10 күн сайын жүзеге асырылады.

Оларға әр сенбі сайын Орал қаласынан ұшатын «FlyArystan» әуекомпаниясының рейстері (Ақтау – Орал – Шарм-эль-Шейх) қосылады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале