Анталия (Түркия) қаласында теннистен жасөспірімдер арасында Дэвис кубогі финалдық кезеңінің жеребесі тартылды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі жазды.
Фото: ktf.kz
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы В тобына түсті. Қазақстандықтар Франция, Оңтүстік Африка Республикасы және Гонконг құрамаларымен ойнайды.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 11 қараша күні Гонконг командасымен кездеседі.
Командалық әлем чемпионатында Қазақстан намысын Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай және Даниэль Тазабеков қорғайды.
Команда капитаны Сергей Квак.
Аталмыш әлемдік дода 11-17 қараша аралығында өтеді. Әр топтан үздік екі құрама ширек финалға жолдама алады.
Бұл – қазақстандық жасөспірімдер үшін екінші чемпионат. Өткен жылы олар үздік ондыққа кірген болатын.
Қазақстан құрамаларының демеушілері - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамы және Sport Qory спортты қолдау қоры.