22.11.2024, 12:45
Оқылды: 19

Ақжайықта дін менен әдеп сөз болды

Чапаевқа облыстық дін істері басқармасының басшысы Азат Қаратай және облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айман Хайруллина келді.
IMG_2628
Олар бөлім-мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдерімен жиналыс өткізді. Жиынды аудан әкімі Мұрат Сердалин ашып жүргізді. Басқосудың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және өңірде қалыптасқан діни ахуал.

Алдымен сөз алған Айман Рафикқызы облыста мемлекеттік қызметшінің қатысуымен 
болған келеңсіз жағдайларға тоқталып, бірнеше мысалдар келтірді.
IMG_2629
Әрқашан газет, кітап оқуды әдетке айналдыру керектігін баса айтқан ол мемлекеттік қызметшілердің сөйлесу мәнерін сақтап, әлеуметтік желіде де әдеп нормаларынан аспау қажеттігін қаперге салды.

Осыдан кейін сөз алған Азат Айболатұлы округ әкімдерінің діни ахуалды үнемі 
бақылаудан шығармай, ауылдағы мешітке кімдердің келгенін, ондағы жағдайды біліп отыруы маңызды екенін ескертті.
IMG_2630
Бүгінде тұрғындар тарапынан ауылға мешіт салу белең алып барады. Осындай ұсыныспен келген жандарға балабақша, жол, т.б. ауылға қажет құрылыстарды жүзеге асыруды ұсынса, абзал.

Басқосуда сұрақтар болып, тиісті жауаптар берілді.
Азамат Қанапия
Ақжайық ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале