3.12.2024, 17:45
Оқылды: 34

Таловтың жаңа басшысына куәлік табысталды

Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Тимур Шиниязов Талов ауылдық округі әкімі аппаратының ұжымына ауылдық округ әкімі болып сайланған Асқар Сәрсенғалиевты тіркеу туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 2 желтоқсандағы № 41 шешімін таныстырды.
 image-03-12-24-03-33-1
Өз кезегінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жарқын Хаирлиев сайланған ауыл әкімінің куәлігін салтанатты түрде табыс етті.
Асқар Маратұлын ұжымға таныстырған аудан басшысы жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Өз кезегінде Сәрсенғалиев жаңа қызметін абыроймен атқаратынын жеткізді.
Асқар Маратұлы Сәрсенғалиев 1983 жылы 25 қаңтарда Қаратөбе ауданының Қаратөбе ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Көкөніс, жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы» мамандығы бойынша, 2010 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Жәнібек ауданындағы қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік уәкілетті инспекциясында жетекші маман болып бастаған.
Әр жылдары Жәнібек ауданындағы қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік уәкілетті инспекциясында жетекші маман, бас маман, «Қанат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде іс жүргізуші, жол жағдайының шебері, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және қаржы шаруашылығы жұмыс бөлімінде іс қағаздармен жұмыс және бақылау мәселелері жөніндегі жетекші маман, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінде ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс және мемлекеттік наградалар жөніндегі бас маман, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің бас маманы, Қамысты ауылдық округінің әкімі, Жәнібек ауданы әкімдігінің «Жолаушы» кәсіпорнының инженері, директоры, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің бас маманы, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, күні бүгінге дейін Жәнібек ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің бас инспекторы, қызметін атқарып келді.
Отбасылы, 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отыр.
Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале