19 желтоқсанда Францияның Анси-Ле Гран-Борнан қаласында биатлоннан әлем кубогының үшінші кезеңі басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Сурет: Olympic.kz
Жарыс бағдарламасы ерлер арасында 10 шақырымдық спринттен басталады.
Қазақстан құрамасынан төрт спортшы қатысады: Александр Мухин, Владислав Киреев, Вадим Куралес және Әсет Дүйсенов.
Астана уақытымен сағат 18:20-да басталады.