Ел мерейтойына орай Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы тәуелсіздік құрдастары «Маған – 25!» акциясын өткізді. Оның барысындағы жүрек толқытып, жан тебіренкен сәттерге куә болғандар бұл қыз-жігіттерге шексіз ризашылықтарын арнады. Айталық, «жиырмабестіктер» - аудандық орталық аурухананың жас ақжелеңділері Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Акутиннің денсаулығын байқастап, әңгімелесіп, оның көңіл-хошын көтеріп, тіпті естелік сыйлық тарту етті. Майдангер бір жасап қалды.
Тәуелсіздік құрдастары сондай-ақ Жайық өзенінің Чапаев тұсындағы біраз жерін күл-қоқыстан арылтты. Бірсыпыра еңбек ұжымдарымен де жүздескен олар мерекелік жылға өздерінің еңбек үлестерін қосуы барысынан да риясыз көңілден әңгімеледі.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы