18.01.2025, 15:00
Оқылды: 11

Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде жас сарбаздар әскери ант қабылдады

Бүгін Орал қаласында Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде салтанатты әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Әскери сапқа тұрған 210-нан астам жас сарбаз өз Отанын адал қорғауға ант берді. Олар еліміздің әр аймағынан – Маңғыстау, Атырау, Алматы, Ақтөбе облыстарынан және Шымкент қаласынан келіп, ортақ міндеттерін атқаруға бірауыздан дайын екендіктерін білдірді. Шараға сарбаздардың ата-аналары, туыстары, ардагерлер мен жергілікті тұрғындар қатысты. Әскери бөлім командирі, подполковник Өміржан Сахатов жас сарбаздарды маңызды қадамдарымен құттықтап, олардың алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

IMG-20250118-WA0022

– Әскери ант – бұл әрбір жауынгердің Отан алдындағы адалдық серті. Бүгін сіздер ел қауіпсіздігі мен бейбітшілігін қорғау жолында маңызды қадам жасадыңыздар. Ендігі міндет – анттарыңызға берік болып, адал қызмет ету. Біз сіздерге сенеміз, – деді бөлім командирі.

IMG-20250118-WA0023

Салтанатты шара барысында жас сарбаздар өздерінің алғашқы әсерлерімен бөлісті. Қатардағы жауынгер Самат Шүкірбай бұл күннің өміріндегі ең ерекше сәттердің бірі болғанын атап өтті:

IMG-20250118-WA0020

– Бүгін мен үшін үлкен мақтаныш пен жауапкершілік күні. Әскери ант қабылдау – менің елімді қорғауға толық дайын екенімді білдіреді. Отан алдындағы парызымды адал атқаруға бар күшімді саламын.

Әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты маршпен аяқталды. Жас жауынгерлердің туыстары мен жақындары оларға қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді. Ендігі кезекте сарбаздар бөлімнің күнделікті жауынгерлік өміріне бейімделіп, өз міндеттерін орындауға кіріседі. Олар қызмет барысында жауынгерлік дайындықтарын арттырып, әскери тәртіп пен білімдерін жетілдіретін болады.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале