Ұлытау облысының әкімдігі кен орнында қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан қажетті қолдаудың барлығын көрсетеді. Қайғылы оқиғаға байланысты өңір басшысы Дастан Рыспеков көңіл айтты, - деп жазады Ұлытау облысының әкімдігінің Телеграм каналы.

«Қайғылы оқиға баршамыздың жүрегімізге ауыр тиді. Бұл жағдай - бірнеше отбасы үшін орны толмайтын қаза.
Қайтыс болған кеншілердің туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Бұл қасірет баршамыз үшін оңайға соққан жоқ.
Қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету үшін барлық тиісті шара қабылданады», – делінген көңіл айту жеделхатында.