13.03.2025, 9:15
Оқылды: 251

Назым Қызайбай мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Сербияда әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін 48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде екі дүркін әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай қарсыласынан басым түсті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті жазды. 

WhatsApp Image 2025-03-13 at 10.22.10

 Сурет: gov.kz

1/8 финалда қазақстандық спортшы Словакия өкілі Николь Дуриковаға қарсы жекпе-жек өткізіп, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды. Рингте толық басымдық көрсеткен ол еркін және сенімді әрекет етті. Үшінші раундта Назым қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді, ал жекпе-жектің аяқталуына 30 секунд қалғанда мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале