Түнгі ауылдың ажарын көше бойында самаладай жарқыраған шамдар келтіретіні аян. Сонымен қатар бағана басындағы жарық — ауыл мәдениеті мен көркінің ажырамас бөлігі.
Тоғыз жолдың торабында орналасқан аудан орталығында осы бағытта біркелкі жұмыстар жүзеге асырылды. Күні кеше Республика көшесінің 50 бағанасына қосымша түрлі-түсті шамдар (иллюминация) орнатылды. Аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға «Орал-СтройТехСнаб» ЖШС-сы бұл жұмысты жүргізді. Алдағы уақытта басқа да орталық көшелердің бағаналарын жарықтандыру жоспарда бар дейді ауылдық әкімдік мамандары.
Аида Асылбек,
Ақжайық ауданы