27.05.2025, 17:45
Оқылды: 475

Қараөзен мен Жас ауылының түлектері де қалыс қалмады

Қараөзен ауылының мектебін 1995 және 2005 жылы бітірген елжанды түлектері алақандай ауылына «Алтын шаңырақ» пен арнайы әзірлеген «Демалыс алаңын» жасақтап, жерлестеріне тарту етті.

IMG-20250527-WA0012

Қос нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Айдар Минеев қатысып, 30 және 20 жылдық мектеп түлектерінің ізгі бастамаларына ауылдастар атынан ризашылығын білдіріп, аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың Алғыс хатын табыстады.

IMG-20250525-WA0028

Талайды тамсандырған қос композзиция талғамы биік түлектердің тартулы сыйы есебінде ауылға сән беріп, жерлестеріне  қуаныш сыйлауда.
-Қараөзен мен Жас ауылдарының мектебін  әр жылдарда бітірген биылғы атаулы түлектер туған жерлеріне ерекше тарту-сый жасап, жерлестерін қуантуда. Олардың қатарындағы Қараөзен сегіз жылдық мектебін бітіргендеріне 50 жыл толған түлектер алтын ұя мектептеріне тоғызқұмалақ спортына арналған шаршы тақталар, Қараөзен орта мектебін бітіргендеріне 45 жыл толған түлектер әуе қондырғысын (дрон), Қараөзен ауылының мектебін бітіргендеріне 30, 20 жыл толған түлектер «Алтын шаңырақ» пен арнайы әзірлеген «Демалыс алаңын» жасақтап табыс етсе, Жас мектебін 1993 және 2005 жылы бітірген мектеп түлектері өздерінің білім ордаларына талапқа сай жасақталған мемлекттік рәміздер қабырғасы мен қазақтың ұлттық аспабынан 5 дана домбыраны сыйға тартты. Кіші отаны саналатын туған ауылдарына тарту-сый жасаған белсенді түлектерге жерлестері атынан шынайы ризашылығымды білдіремін, - дейді Қараөзен ауылдық округінің әкімі Нұрхат Булаев.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

IMG-20250527-WA0023 IMG-20250527-WA0014 IMG-20250527-WA0015

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале