18.06.2025, 10:00
Оқылды: 368

Сырымдық балуан универсиададан қола ұтты

Түркістан қаласында өткен ХІІІ республикалық жазғы универсиадада сырымдық балуан Санжар Жамбылов қола жүлдегер атанды. 

PHOTO-2025-06-13-11-05-41

Санжардың универсиададағы қарсыластары осал болмады. Түркістандық балуан, қазақ күресінен 5 дүркін ел чемпионы атанған Рузимон Тугушев осы жолы да алтын жүлдеге алқынбай жетті. Күміс үшін күресте Санжар шымкенттік Диас Дәулетпен белдесті. Сыралғы қос қарсыластан осы жолы сәттілік Диасқа бұйырды.

Айта кетейік, Санжар Жамбылов бүгінде Жәңгір атындағы Аграрлық - техникалық университетінде оқиды.

Күреске баулыған алғашқы бапкері - Айбол Оразғалиев.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале