22.07.2025, 9:30
Оқылды: 151

Адам құқықтары институтының өкілдері Орал қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталығына барды

Адам құқықтары институтының өкілдері Батыс Қазақстан облысындағы «Ақжайық» мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту орталығының жұмысымен танысты. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жазды.

_gluster_2025_7_21_31b190c42b67526049178ea65292e845_1280x720

Сурет: gov.kz

 

Сапардың басты мақсаты – қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын, тұрмыс жағдайларын және көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасын бағалау, мониторинг жүргізу.

«Ақжайық» орталығы — жалпы ауданы 22 мың шаршы метрден асатын өңірдегі ең ірі бейінді мекеме. Мұнда әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, педагогикалық, психологиялық, мәдени және басқа да 8 түрлі арнайы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Орталықта дәрігерлер, медбикелер, логопедтер, дефектологтар, психологтар, еңбек терапиясы нұсқаушылары және басқа да бейінді мамандар жұмыс істейді.

Бұл сапар аясында қызмет алушылармен және қызметкерлермен жеке кездесулер де өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале