Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіптік бағдарлау, дағдыларды дамыту және кадрлар даярлау саласында жаңа цифрлық платформаларды іске қосты. «Мансап компасы» цифрлық сервисі пайдаланушыларға кәсіп таңдауға және мансабын жоспарлауға көмектеседі. Платформа еңбек нарығындағы ағымдағы трендтер, сұранысқа ие кәсіптер, оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат береді. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

Сурет: telegram.org
Skills Enbek онлайн плафтормасы дағдыларды дамытуға және мамандарды қайта даярлауға бағдарланған. Қазіргі уаықтта онда 340 тегін курсты қоса алғанда 1 301 курс бар. 811 мың қолданушы тіркелген.
Enbek.kz порталында студенттік практиканы ұйымдастырудың цифрлық функционалы іске асырылды.
«Ұлттық білім беру деректер базасынан (ҰББДБ) және Жоғары білімнің бірыңғай платформасынан (ЖББП) алынған деректер негізінде студенттің түйіндемесінің жобасы автоматты түрде қалыптастырылды. Онлайн-режимде практика шартын рәсімдеу, күнделікті жүргізу жіне оны жұмыс берушімен келісу қолжетімді. Бұл шешім студенттер, ЖОО-лар және жұмыс берушлер арасында тиімді байланысты қамтамасыз етіп, жұмыспен қамту жүйесін цифрландыруға ықпал етеді.