Henley & Partners компаниясы жыл сайын жариялайтын паспорттар индексінде Қазақстан позициясын жақсартты. Жаңа рейтингте қазақстандық төлқұжат 61-орынға көтерілді.

Бұған дейін Қазақстан 64-орында болған. Осылайша, Орталық Азия елдері арасында қазақстандық паспорт ең «күшті» құжат саналады.
Аймақ елдері арасындағы көрсеткіштер:
– Қырғызстан – 71 орын,
– Өзбекстан – 72 орын,
– Тәжікстан – 78 орын,
– Түрікменстан – 84 орын.
Рейтинг деректеріне сәйкес, Қазақстан азаматтары визасыз 79 мемлекетке бара алады.
Тізімнің көш басында – Сингапур, оның азаматтары 193 елге визасыз сапарлай алады.
Екінші орында Жапония мен Оңтүстік Корея (190 бағыт).
Ал ең шектеулі төлқұжаттар Ауғанстан, Ирак және Сирия азаматтарына тиесілі.
Дереккөз: ҚазАқпарат