9.09.2025, 15:15
Оқылды: 69

Қазақстанда кейбір техникалық оңалту құралдарын қайтару бойынша пилоттық жоба іске қосылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, кейіннен қайтару арқылы өтеусіз пайдалану шартымен азаматтарды жекелеген техникалық оңалту құралдарымен (бұдан әрі – ТОҚ) қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Осыған байланысты бірлескен бұйрық жобасы туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

_gluster_2022_10_4_1e3694cc1cd9cec6b5afbc82f4372814_1280x720

Фото: https://www.gov.kz

Пилоттық жоба Абай облысында, Павлодар өңірінде және Шымкент қаласында іске асырылады.

Мүгедектігі бар адамдарға өтеусіз пайдалану негізінде мынадай жекелеген ТОҚ түрлері ұсынылатын болады: протездік-ортопедиялық (мысалы, жүріп-тұруға арналған құрылғылар, ұстағыштар және т.б.), сурдоқұрылғылар, тифлотехникалық құралдар, гигиеналық жабдықтар және арнайы қозғалыс құралдары.

ТОҚ-мен қамтамасыз етудің жаңа тетігінің маңызды аспектісі – оңалту құралдарының тозу деңгейін айқындайтын, оларды уақтылы жөндеу немесе ауыстыру арқылы тиісті техникалық күйге келтіруді қамтамасыз ететін әлеуметтік-техникалық сараптама қызметін құру болып табылады.

Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивтік саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында әзірленген. Жоба ТОҚ-ны ұтымды пайдалану тетігін енгізуге, заманауи үлгілердің сапасын жақсартуға және қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде мүгедектігі бар адамдарды оңалтуға және олардың қоғамға сіңісуіне оң әсерін тигізеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале