16.09.2025, 11:45
Оқылды: 192

Жекпе-жек шеберлері "Ақ бидай-2025" ойындарынан үш қола иеленді

"Ақ бидай-2025" ауыл спорты ойындарында "Жекпе-жек" спорты сайыстарының финалдық кезеңдері басталды.

WhatsApp Image 2025-09-16 at 12.29.00

Екі күн бойы сегізбұрышта кім мықтыны анықтаған жауынгерлердің алды медаль иегерлері атанды. Ауыл ойындарында атой салып, тиісті жүлдесін алған жекпе-жек шеберлері арасында өңір спортшылары да бар.

Екі күнге созылған сегізбұрыштағы сайыста 57 келіде бақ сынаған Әлихан Тілегенұлы жартылай финалда ұтылып, қола жүлде иегері атанды.

Сонымен қатар 61 келідегі Нұр Сәлім, 84 келі салмақ дәрежесіне өнер көрсеткен Нұрәділ Бұсырманов атты жауынгерлер де ауыл ойындарының қола жүлдесіне ие болды.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале