18.09.2025, 17:40
Оқылды: 115

Мерей Бердіғали "Ақ бидай - 2025" ауыл спорты ойындарының қола жүлдегері

"Ақ бидай - 2025" ауыл спорты ойындарының аясындағы қазақ күресі бәсекесінде +100 келі салмақ дәрежесінде батысқазақстандық палуан Мерей Бердіғали белдесті.

WhatsApp Image 2025-09-18 at 18.34.57 (1) WhatsApp Image 2025-09-18 at 18.34.57 WhatsApp Image 2025-09-18 at 18.34.56
Жартылай финалда жолы болмаған Мерей қола медаль үшін таласуға мүмкіндік алды. Кіші финалда Шығыс Қазақстан облысының палуанымен күш сынасқан Мерей қарсыласын бір минутқа жеткізбей алып ұрды.

Осылайша ол "Ақ бидай - 2025" ауыл спорты ойындарының қола жүлдегері атанды. Ертең жеңіл және орта салмақтағы палуандар медаль таласына түседі.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале