6.10.2025, 9:30
Оқылды: 74

Бүгін қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді

Жыл сайын 6 қазанда еліміздің қорғаныс әлеуетін нығайтуға үлес қосып жүрген мамандар Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күнін атап өтеді.

IMG_9946

Жедел өзгеріп жатқан технологиялар мен жаңа сын-қатерлер жағдайында инженер-конструкторлардың, механиктердің, бағдарламашылардың, электроника және киберқауіпсіздік саласындағы мамандардың еңбегі айрықша маңызға ие. Сала қызметкерлері заманауи әскери техника жасап, озық технологияларды енгізіп, өндірістің сенімділігін қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде жоғары кәсібилікті, нақтылық пен зор жауапкершілікті талап етеді.

ortcom.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале