24.10.2025, 17:30
Оқылды: 72

Мереке қарсаңында тротуар құрылысы аяқталды

Жәнібек ауылының батыс бетінде орналасқан төрт көшеге жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүріп жатты.

image-24-10-25-03-50-3

Тапсырыс беруші Жәнібек ауылдық округінің әкімі Ғибрат Айтқалиевтің айтуынша, Р.Егізбаев, А.Оразбаева, Ғ.Қараш және Х.Халиуллин көшелеріне жалпы ұзындығы 1567 метр болатын жаяу жүргіншілер жолы салынды. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «Unex Kazakhstan» ЖШС. Учаске басшысы Абзал Досқалиев: «Жұмыстар қараша айында аяқталады», - деген болатын. Дейтұрғанмен, мердігердің жұмыстарды мерзімінен бұрын аяқтағаны қуантарлық жайт.

image-24-10-25-03-50-4

Күн райы бұзылмас бұрын жаяу жүргіншілер жолының пайдалануға берілуі – айтуға тұрарлық. Бұл тұрғыда жұмыстардың уақытынан бұрын аяқталуына септігін тигізген аудан әкімі Тимур Серікұлы мен Жәнібек ауылының әкімі Ғибрат Талғатұлын атап кетуге болады.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

image-24-10-25-03-50-5

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале