30.10.2025, 17:15
Оқылды: 56

Жәнібектік жас аяқдопшылар жарады

Орал қаласында футзалдан қалааралық ашық турнир өтті. Жәнібек ауданының жас спортшылары сайыста жоғары нәтиже көрсетіп, аудан намысын аброймен қорғады.

image-30-10-25-11-04-2

​Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің аяқдопшылары топтық кезеңде тамаша ойын өрнегін көрсетті. Алғашқы кездесуде «Легион» (Орал) командасын 3:1 есебімен, «Бөрлі БЖСМ» командасын 9:2 есебімен ұтып, «Орал спорт клубын» 4:1 есебімен тізе бүктіріп, топтан бірінші болып шықты.

​Жартылай финалда жәнібектіктер «Казталов БЖСМ» командасын 2:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Ал шешуші ойында «Бөрлі БЖСМ» командасымен кездесіп, 2:5 есебімен басым түсіп, турнир чемпионы атанды.

image-30-10-25-11-04-1

Сайыс барысында үздіктер де анықталды. «Үздік шабуылшы» атағын Темірлан Қанатқали иеленсе, «Үздік ойыншы» аталымына Арнұр Қарсақов көзге түсті.

 

Бану Самат,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале