16.01.2017, 11:37
Оқылды: 62

Ақсайда қыздар тәрбиесіне арналған шара өтті

   Қазақ қызы қандай болуы керек? Білімі мен ақылы, көркі мен сыпайылылығы өн бойына сақтаған сұлуларымыз кімге еліктейді? Осы сұрақтар төңірегінде Бөрлі аудандық мәдениет үйінде дөңгелек үстел өтті.

Ұлтымыздың айнасы болған қыздарымызға ауданымызға белгілі аналар өмірлерінен үлгі-өнеге беріп, ақыл-кеңестерін айтты.

Аудандық жастармен  жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен өткен шарада Сайран Жантуриеваның «Жас отау» сән салонының киім үлгілері көрсетілді. Мектеп оқушыларының қатысуымен оздырылған шарада ұлағатты әжелермен қатар жас келіндер де сөз алып, ой бөлісті.

Айым Нұрғалиева

Бөрлі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале