Қазталов ауданы, Ақпәтер ауылының палуаны Асылхан Зинуллин – дзюдодан Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Ол 10–13 қараша аралығында Семей қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жақсы нәтиже көрсетіп, аталған байрақты бәсекеде 60 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені қанжығасына байлады.
Ауыл, аудан, облыс намысын абыроймен қорғаған Асылхан бауырымызды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Болашақта да биік белестер мен жарқын жеңістер көп болсын!
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы