20.01.2017, 11:17
Оқылды: 26

Алаяқтардан сақ болыңыз!

Alayak yi  Жуырда 1977 жылғы «Н» есімді тұрғын 1985 және 1981 жылғы қала тұрғындарының  сеніміне кіріп,  оларды қаладағы «Школьник» аялдамасына шақырып, мемлекеттік бағдарламамен  пәтер  алуға көмектеспекші болып, сол жерде оларға қол қойдыра отырып 300 мыңнан ақшаларын иемденген.


  Содан еш нәтиже болмаған соң, жәбірленушілер полиция қызметіне жүгінеді.  Тексеру барысында Орал қ. ІІБ Абай Пб қызметкерлері бұл әйелді қолға түсіріп, оның бұрын да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы барын анықтады. Алайда ол тегі өзгеруіне байланысты деректер базасында бірден көріне қоймайды. Қазіргі уақытта аталған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалып, оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

  Орал қалалық жедел-іздестіру тобының қызметкерлері тағы бір алаяқты анықтады. Ол да адамдардың сеніміне кіріп, үйге жөндеу жүргіземін деп алдап, ақшаларын жымқырып кеткен. Ұсталған азамат жасаған ісін мойнына алды.

  Енді бірі қала тұрғынына жиһаз дайындап беремін деп 92 мың теңге ақшасын алып ізім-қайғы жоқ боп кеткен. Ол 29 жасар бұрын сотты болған адам болып шықты.

  Аталған алаяқтық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы негізінде қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

     Құрметті облыс және қала тұрғындары!

  Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Сіздерден жеке мүліктеріңізге мұқият болып, алаяқтардың арбауына түсіп қалмауларыңызды кезекті мәрте ескертіп отыр. Егер Сіз немесе сіздің туысқаныңыз алаяқтың  арбауына ілінген жағдайда бірден құқық органдарына жүгінулеріңіз сұралады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале