12.01.2026, 23:00
Оқылды: 55

Зейнетақы жинағы есебінен емделуге өтінім қабылдау уақытша тоқтатылды

2026 жылғы 12 қаңтар сағат 19:00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында бір реттік зейнетақы төлемдері (БЗТ) есебінен медициналық қызмет алуға арналған өтінімдерді қабылдау уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлайды.

a8b45b7f-eba9-4f91-97b9-269b6056c897

Фото: Freepik

Отбасы банк мәліметінше, мұндай шешім зейнетақы жинақтарын емдеуге пайдалану талаптарын қайта қарауға байланысты қабылданған. Қазіргі уақытта жұмыс Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізіліп жатыр.

Аталған шаралар аясында БЗТ арқылы медициналық қызмет алу шарттарын өзектендіру, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру тетіктерін пысықтау көзделген. Бұл қадамдар зейнетақы қаражатының мақсатсыз жұмсалуына жол бермеуге және рәсімдердің ашықтығын арттыруға бағытталған.

Өтінім қабылдау қашан қайта басталатыны жөнінде қосымша хабарланады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале