20.01.2026, 10:30
Оқылды: 37

Career Enbek платформасындағы Цифрлық дағдылар банкінде 12 мыңнан астам өзекті дағды қолжетімді

Ұлттық біліктілік жүйесінің Career Enbek цифрлық платформасында Цифрлық дағдылар банкі (бұдан әрі – ЦДБ) қолжетімді. Ол қазіргі еңбек нарығының нақты қажеттіліктерін көрсететін 12 мыңнан астам өзекті кәсіби және әмбебап дағдыларды қамтиды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазды. 

_gluster_2025_11_28_0a3d5c1e46ebc98ccf73d69d04d4f181_1280x720

ЦДБ-дегі барлық дағдылар тақырыптық топтар бойынша жүйеленген, бұл ыңғайлы навигацияны қамтамасыз етіп, олардың қолданылу салаларын жедел айқындауға мүмкіндік береді. Әрбір дағды егжей-тегжейлі сипаттамамен және оның сұранысқа ие болатын кәсіби топтарының тізімімен толықтырылған.

Платформаның интерфейсі құрылымдалған ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етіп, пайдаланушыларға кәсіби міндеттеріне сәйкес деректерді іздеуге және салыстыруға мүмкіндік береді.

ЦДБ халықаралық ESCO жүйесі (дағдылардың, құзыреттердің, біліктіліктер мен кәсіптердің еуропалық жіктемесі) негізінде әзірленген және кәсіби стандарттарды әзірлеу, білім беру бағдарламаларын жаңарту, сондай-ақ кадр саясатын жоспарлау кезінде қолданылатын Ұлттық біліктілік жүйесінің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Ол кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеушілерге, жұмыс берушілердің өкілдеріне, кадр даярлау саласындағы сарапшыларға бағытталған кең кәсіби қауымдастыққа арналған.

Кадр қызметтері мен HR-бөлімдер үшін бұл ресурс өзекті дағдылар туралы деректер негізінде заманауи лауазымдық бейіндерді қалыптастыруға, қызметкерлерді бағалау және дамыту жүйелерін құруға кең мүмкіндіктер ашады.

Ресурс туралы толық ақпаратты Career.Enbek платформасынан көруге болады:

https://career.enbek.kz/kk/skills-bank/main

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале