13.05.2026, 0:00
Оқылды: 4

Жайықтың Жайсаңы

Бүгін Сырым ауданында Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, өлкетанушы, тарихшы Жайсаң Ақбайдың мерейлі 99 жасына орайластырылған бірқатар шаралар өткенін, туған ауылы – Шағырлой жұрты ат мінгізгенін жаздық.

PHOTO-2026-05-12-17-40-53

Өлкетанушының мерейлі жасына арналған игі шаралар Мұқадес Есламғалиев атындағы аудандық орталық кітапханада жалғасты. Мұнда кітапханашылар Сырым ауданының құрметті азаматы Жайсаң Досболатұлына арналған «Өлке тарихының шырақшысы» атты кітап көрмесімен қарсы алды.
Тағылымы мол тұлғаның еңбегін насихаттау, ғылыми мұрасын зерделеу және жас зерттеушілерге бағыт-бағдар беру мақсатында «Жайықтың жайсаңы»  тақырыбында конференция отырысы өтті.
Жиынға Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және архив ісі басқармасының басшысы Қуанышбек Мұханғалиев, Қазақстанның Халық Ағарту ісінің үздігі Марат Қадыров, профессор, оратор Абат Қыдыршаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші - сазгер Донеділ Қажымов және бірқатар меймандар қатысты.
Конференцияда республикаға, облысқа танымал ғалымдар мен өлкетанушылардың және ұстаздардың ғылыми зерттеулерімен ғасыр тұлғасына деген пікірлері тыңдалды. Сондай-ақ, Жайсаң Досболатұлының автопортреті есебіндегі «Мәдениет ардагері. Жазушы. Өлкетанушы» тақырыбындағы кітаптың тұсауы кесілді.
PHOTO-2026-05-12-17-38-07
Жиын барысында Жайсаң Ақбай өзін және туған топырағын байланыстырып, «Маған ұлы зерттеулермен үлкен істерді жасатқан Сырым даласының топырағы және осындай дәрежеге жеткізген Сырым бабаның рухы!» - деді.
Ғасыр тұлғасы аудан орталығына ағаш отырғызып, игі шаралардың нүктесін қойды.
Қоңдыкер Елеуов
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале