Алдын ала ақпарат бойынша, полиция қызметкері көршілердің шуға қатысты шағымынан кейін пәтерге барған. Кейін сол жерде жәбірленушіге қатысты заңсыз әрекет жасалды деген ақпарат тараған.
Қала прокуратурасының баспасөз қызметі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, жұмыстан босатылған.
Полиция департаменті мұндай заң бұзушылықтарға мүлде төзім болмайтынын мәлімдеп, қызметкерлердің тәртіп пен заң талаптарын қатаң сақтауы міндет екенін атап өтті.
