29.05.2026, 13:00
Оқылды: 26

Табиғат қорғау және орман шаруашылығы мекемелерін өрт сөндіру техникасымен жарақтандыру жалғасуда

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы орман мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыс жүргізуде, - деп жазады Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

_gluster_2026_5_28_a9645a620ab6dd8eae6ef22be237a805_1280x720

Бүгінгі таңда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға өрт сөндіру техникасын жеткізу аяқталды 166 бірлік өрт сөндіру машинасы.

Ағымдағы жылғы 18-25 мамыр аралығында Министрлікке қарасты ұйымдарға соңғы 14 бірлік өрт сөндіру машинасы жеткізілді.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы орман мекемелерін жарақтандыру жұмыстары жалғасуда.

Өрт сөндіру машиналары бойынша жыл басынан бері өңірлерге 51 бірлік техника жеткізілді.

Ағымдағы жылғы маусым айының соңына дейін қалған 116 өрт сөндіру көлігін жеткізу күтілуде.

Жалпы жоспарланған 1057 бірлік техниканың 890 бірлігі жеткізілді, бұл 84,2%-ды құрайды.

Жүргізіліп жатқан жұмыс табиғат қорғау және орман шаруашылығы мекемелерінің өрт қауіпті маусымға дайындығын арттыруға, өрт ошақтарына уақтылы ден қоюға және табиғи өрттердің таралу қаупін төмендетуге бағытталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале