5.06.2026, 9:00
Оқылды: 51

Ақсайда рәміздер күніне орай мерекелік шара өтті

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ақсай қаласының Ғ.Жәңгіров атындағы саябақта «Ел рухын асқақтатқан рәміздер!» атты мерекелік концерт және Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі шарасы өтті. Аталған шара қазақстандықтарды отаншылдық  сезімге  баулу, елдік  еркіндігіміздің  қасиетті  белгілерін  ерекше  қадірлеу мақсатында ұйымдастырылды.

рәміздер күні (1)

рәміздер күні (2)

Шара ҚР Гимнінің орындалып, Мемлекеттік Тудың көтерілуімен басталды.

- Баршаңызды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік рәміздер бұл Тәуелсіз Қазақстанның айбыны мен абыройын айқындайтын, халқымыздың бірлігі мен тұтастығын, елдігіміз бен егемендігімізді паш ететін қасиетті құндылықтар. Көк Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз ұлттың рухын көтеріп, әрбір азаматтың жүрегінде Отанға деген мақтаныш сезімін ұялататын киелі белгілер. Тәуелсіздік жылдары ішінде мемлекеттік рәміздеріміз әлемдік деңгейде кеңінен танылып, халықаралық ареналарда көк байрағымыз талай мәрте биіктен көтерілді. Бұл еліміздің жетістіктері мен халқымыздың ынтымақ бірлігінің айқын көрінісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету әрбір азаматтың қасиетті парызы. Сондықтан өскелең ұрпақтың бойына елдік рухты сіңіріп, мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін дәріптеу баршамыздың ортақ міндетіміз. Қазақстанымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, мерейі үстем, абыройы асқақ бола берсін, - деп аудан басшысы Еркебұлан Ихсанов аудан тұрғындарын рәміздер күнімен құттықтады.

рәміздер күні (3)

Мерекеге орай аудан әкімі Еркебұлан Нұретдинұлы жастар саясатын дамытуға, қоғамдық өмірге белсенді қатысып, ауданымыздың мерейін арттыруға үлес қосқан белсенді жастарды алғысхатпен марапаттады.

рәміздер күні (5)

Марапатталғандар қатарында аудандық білім беру бөлімінің әдіскері, Жанғали Набиуллин атындағы төсбелгі иегері, облыстық Қадыр Мырза Әлі атындағы ақындар сайысының жеңімпазы, ақын, журналист, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мейрамбек Сыдықов, жауынгерлік самбодан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР 5 дүркін жеңімпазы, Азия және Океания чемпионатының женімпазы, Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының, әлем біріншілігінің қола жүлдегері Әділбек Сейсов болды.

рәміздер күні (6)

Сондай-ақ Бөрлі ауылдық мәдениет үйінің директоры, халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегері Аружан Баймурзина, Ақсай қаласының №3 ЖОББМ директорының тәрбие жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, аудандық “Үздік жас көшбасшы”, “Үздік мұғалім” байқауларының жүлдегері, республикалық дебат, зияткерлік жарыстардың жеңімпазы Асылхан Қармысовтарға аудан басшысының алғысхаты табысталды.

рәміздер күні (4)

Әрі қарай мерекелік шара аудандық демалу орталығы көркемөнерпаздарының дайындаған мерекелік концертімен жалғасты.

Айдана Абдрахманова,  

Бөрлі ауданы

рәміздер күні (8)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале