3.03.2017, 17:16
Оқылды: 38

Кісі тонамақ болған 3 тұрғын ұсталды

1 наурыз түнгі сағат 03.00де Құрманғазы көшесінде орналасқан «Карина» кафесі маңында 1985 жылғы қала тұрғынына белгісіз біреу күш көрсетіп, күртесін тартып алған. Жәбірленушіге 55 мың теңге шығын келтірілген.

Дабыл  бойынша оқиға орнына жеткен сақшылар кісі тонамақ болған 3 азаматты ұстады. Тартып алынған заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Орал қалалық ІІБ баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале