8.06.2026, 23:30
Оқылды: 2

«Достық» жазғы лагері жұмысын бастады

Сырым ауданында«Достық» жазғы демалыс лагерінде алғашқы ауысымның рапорты қабылданды.
65680acd-335b-4ef2-9fad-61114392253d
Сарой ауылдық округінде, Абай орта мектебінің базасында орналасқан жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанатында бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, алдағы қызықты күндерге деген құштарлықтарын жеткізді.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов құттықтау сөз сөйледі. Ол балаларға «Достық» жазғы лагерінен ерекше әсер алып, жаңа достар тауып, кең орта қалыптастыруына тілектестік білдірді. Сондай-ақ арнайы ұйымдастырылған әдеби кештерден, рухани саяхаттар мен тағылымы мол шаралардан үлкен өнеге алып, білімді де білгір ұрпақ болып өсуіне тілегін жеткізді.
99d3a3c6-17b8-4401-8585-5463154771b0
Лагерь меңгерушісі Лаура Қарғабаеваның айтуынша, мұнда балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысы үшін барлық жағдай жасалған. Олар әртүрлі мәдени-танымдық, спорттық және шығармашылық шараларға қатысып, уақыттарын тиімді өткізеді.
6dcbc75c-4438-4dd3-acac-ab5f24ce02b7
Лагерьдің бірінші күні ауданымыздың әр ауылынан жиналған 40 бүлдіршін балалықтың базарын аралауға аттанды.
Қоңдыкер Жеңісұлы,
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале