19.06.2026, 11:00
Оқылды: 41

Бөрлілік өнерпаздар топ жарған байқау

Баласының жан-жақты, дарынды болуы үшін әр ата-ана оларды неше түрлі үйірмелерге береді. Үйірмеге қатысу арқылы бала өзінің қандай өнерге немесе спортқа қабілеті бар екенін анықтайды.

WhatsApp Image 2026-06-01 at 16.56.45

Бәріңіз білетіндей, біздің ауданымызда неше түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Солардың көпшілігі «Мектептен тыс жұмыс орталығында» топтасқан.

Жақында осы орталықтың домбыра үйірмесінің дарынды оқушылары Алматы қаласында өткен халықаралық Х «Жеті Өнер» арт-фестивальіне қатысты. Орталық оқушылары фестивальге «Аспапта орындаушылық өнері – домбыра» аталымы бойынша қатысып, керемет нәтиже көрсетті.

2025-2026 оқу жылында Орал қаласында өткен "Жеті Өнер" конкурсының республикалық іріктеу кезеңінде "Аспаптық өнер" бойынша аталған орталықтың оқушысы Амир Тайшурин Гран при иеленіп, халықаралық Х "Жеті өнер"  шығармашылық фестиваль-байқауына жолдама алған болатын.

Сондай-ақ осы байқауға орталық атынан қатысқан Айару Утегенова І орын, Данияр Утепов І орын, Нұрәли Темірбай І орын, Даниль Набиуллин ІІ орын иегерлері атанып, жүлдегерлерге диплом және сыйлықтар табыс етілді.

WhatsApp Image 2026-06-01 at 16.56.44

Бір айта кетерлігі осы аталған халықаралық конкурсқа орталықтың "Домбыра" үйірмесінің қосымша білім беру педагогі Гүлсұлу Көшербаева "Талантты ұстаз - домбыра" атты аталым бойынша қатысып, Гран при иегері атанды. Сонымен қатар балаларды аталған жарысқа дайындап, олардың сахнада керемет өнер көрсетулеріне атсалысқаны үшін Гүлсұлу Өмірзаққызына алғысхат табысталды.

- Оқушыларымыз жақсы дайындықтарының арқасында Алматы қаласында өткен конкурста жүлдегер атанып, өздерінің бойындағы таланттарын тағы да дәлелдеді. Осы байқаудың нәтьижесінде Ташкент және Стамбул қаласында өткен Халықаралық конкурсқа жолдамаға және сертификатқа ие болдық. Домбыра аспабын, ұлттық өнерді серік еткен білім алушыларымыз - орталықтың мақтанышы. Білім алушыларды түрлі конкурстарға қатыстыру арқылы шығармашылық тұрғыда жан-жақты дамыту, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіру, өнерге тәрбиелеу - менің негізгі мақсатым, - дейді қосымша білім беру педагогі Гүлсұлу Өмірзаққызы.

WhatsApp Image 2026-06-01 at 16.54.19

Міне, осындай талантты балаларымыз халықаралық жарыстарға қатысып, әлемнің үлкен сахналарында өнер көрсетіп, халқымыздың өнерін паш етіп, еліміздің абыройын асқақтатып жүр.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале