19.06.2026, 12:00
Оқылды: 26

Батыс Қазақстанда киік саны 2,7 млн басқа жетті

Батыс Қазақстан облысында киік санағының қорытындысы шықты, - деп жазады kaz.inform.kz.

e4972117-1056-42e3-8211-a6aafa57382e
Сурет: kaz.inform.kz

БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжановтың мәлім еткеніндей, көктемде жүргізілген әуе санағы бойынша киік саны 2,7 млн бас болды.

Оның сөзіне қарағанда, санақ ақбөкен төлдегенге дейін жүргізілген.

Өткен жылы Батыс Қазақстанда 2,3 млн бас киік санаққа іліккен болатын.

- Өңірде 2023 және 2025 жылы киік санын реттеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы облыста 108 458 бас киік ауланды. Сонымен қатар биыл жыл басынан бері 18 351 бас киік өлексесі жойылды. Бұл жұмыс жалғасуда, - деді Н.Рахымжанов.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале