22.06.2026, 21:30
Оқылды: 2

Шыңғырлауда шенеуніктердің қызметтік әдебі қаралды

Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілердің заң мен тәртіпті сақтау деңгейі талқыланған жиын өтті.

image-22-06-26-08-09

Аудан әкімі аппаратының басшысы әрі Әдеп жөніндегі уәкіл Азамат Бисембаев өткізген кеңеске барлық бөлім басшылары мен ауыл әкімдері жиналды.

Жиында Мемлекет басшысы алға қойған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мәселесі басты назарға алынды. Әдеп жөніндегі уәкіл билік өкілдерінің тек жұмыс орнында ғана емес, қызметтен тыс уақытта да заң талаптарын бұлжытпай орындап, тұрғындармен қарым-қатынаста дөрекілікке жол бермеуін талап етті.

​«Заң және тәртіп қағидаты – әділетті қоғам құрудың берік негізі. Әрбір шенеуніктің іс-әрекеті халықтың билікке деген сеніміне әсер етеді, сондықтан жауапкершілік әрдайым бірінші орында тұруы тиіс», — деді Азамат Бисембаев.

​Тәртіп пен заңдылықты нығайтуды көздеген бұл шара аудан шенеуніктерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Сара Шакрат,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале