Тайбэй қаласында өткен дзюдодан Азия кубогында казталовтық Айша Мұрадимова мен Асылхан Зинуллин ел намысын абыроймен қорғап, халықаралық додада жүлделі орындарға ие болды.

52 келі салмақ дәрежесінде белдескен Айша Мұрадимова қарсыластарынан басым түсіп, күміс жүлдені жеңіп алса, ал 60 келі салмақта сынға түскен Асылхан Зинуллин жоғары шеберлік танытып, қола жүлдеге қол жеткізді.
Бұл – жас спортшылардың тынымсыз еңбегі мен жаттықтырушыларының қажырлы еңбегінің жемісі. Халықаралық аренада көк Туымызды желбіретіп, туған өлкеміздің мерейін үстем еткен қос жерлесіміздің жетістігі – барша аудан жұртшылығы үшін зор мақтаныш.
Ернәсіл Рысқалиев
Казталов ауданы