22.07.2026, 17:15
Оқылды: 11

Жаңақалада Құрылтай сайлауына дайындық жиыны өтті

Жаңақала ауданында 23 тамыз күні өтетін Ұлттық Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық мәселелеріне арналған  отырыс өтті.
image-22-07-26-03-53-2
Оған аудан әкімі аппаратының басшысы Ақан Қапанов пен аумақтық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты. Жиынды ашқан аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанболат Бақтыгереев Ұлттық Құрылтайға байланысты өткізілетін сайлаудың республика көлемінде алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын айтып, оның ел өміріндегі маңыздылығына тоқталды. Ол бұл саяси науқанның ашықтық, әділдік және заң талаптарына сай өтуі – барша жауапты азаматтарға жүктелген маңызды міндет екенін атап өтті.
Жиын барысында сайлауға дайындық жұмыстары жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, сайлау учаскелерінің әзірлігі, қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз ету, құжаттамаларды рәсімдеу, дауыс беру процесін заң талаптарына сәйкес ұйымдастыру, сондай-ақ комиссия мүшелерінің міндеттері мен жауапкершілігі пысықталды.
Басқосу қорытындысында жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, әрбір учаскелік сайлау комиссиясына дайындық жұмыстарын сапалы аяқтау жүктелді. Сонымен қатар сайлау науқанының ашық, әділ және ұйымдасқан түрде өтуін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты бақылауда болатыны айтылды.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале